Павлодарда жаңа жыл қарсаңында ауқымды жәрмеңкелер өтеді
Оған Ақтоғай, Ақкөл, Ертіс, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандары қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Өткізу күндері мен орындары:
- 28, 29, 30 желтоқсан күндері «Жайлау» фермерлік базары (Торговая көшесі, 2а, Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы);
- 30 желтоқсан, сағат 11.00-13.00-де Павлодар қаласының тоғыз ықшам ауданында көшпелі жәрмеңкелер.
28 желтоқсан күні Ақтоғай, Ақкөл, Железин, Ертіс, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандары, 29 желтоқсан күні Ақкөл, Ақтоғай, Тереңкөл, Успен, Шарбақты, Павлодар аудандары, 30 желтоқсан күні Железин, Ертіс, Павлодар, Шарбақты аудандары қатысады.
Өнімдер мен бағалар:
* Сиыр еті – 2100 тг/кг
* Жылқы еті – 2500 тг/кг
* Қой еті – 2100 тг/кг
* Шошқа еті – 2000 тг/кг
* Қаз – 2800 тг/кг
* Үйрек – 2200 тг/кг
* Жұмыртқа («Павлодар-Құс» – 490 тг/ондық, 1 санат; «Шарбақты-Құс» – 430 тг/ондық, 2 санат).
* Көкөністер, картоп – Ақтоғай, Ақкөл, Железин, Павлодар, Тереңкөл аудандарынан.
* Қызанақ, қияр – «Ақсу жылыжай комбинаты» және «Гринхаус Қазматомат» ЖШС.
Сондай-ақ, 30 желтоқсан күні көшпелі жәрмеңкелер өтетін орындар:
1. Назарбаев көшесі, 309 (Достық ықшам ауданы).
2. Бекхожин көшесі, 15/1 («Көктем» базары, Усолка ықшам ауданы).
3. Айманов көшесі, 42 (Химқалашық ықшам ауданы).
4. Мүткенов көшесі, 48/1 (Екінші Павлодар).
5. Достық көшесі, 31/1 («Достық» дүкені жанында, Зеленстрой).
6. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 (Достық үйі).
7. Гагарин саяжайы (Сарыарқа ықшам ауданы, «Халық» базарына қарсы).
8. Қамзин көшесі, 352 («Әсем-ай» дүкеніне қарсы, Саяжай ықшам ауданы).
9. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 267 (Мәшһүр Жүсіп – М. Горький көшелерінің қиылысы).
Жәрмеңкелерде ет, құс еті, сүт өнімдері, шұжық, көкөністер, бал, нан-тоқаш өнімдері, бакалея тауарлары өндірушілердің бағасымен сатылады.