Павлодарда жеңіл көлік өртенді

Павлодарда жеңіл көлік өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт жақын орналасқан екі көлікке ауысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамызда құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 23 минут ішінде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді.