Павлодарда жеке үйдің қасында тұрған гараж өртенді
Өрттің таралу қаупі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінше, 5 қараша күні сағат 08:05-те Алматинская көшесінде орналасқан жеке үйдің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
– Шұғыл түрде өрт орнына шыққан өрт сөндірушілер ауданы 40 шаршы метрді құраған ағаш құрылымдары, гараж, кіреберістегі төбе жабындысының қирағанын анықтады. Басқа нысандарға өрттің таралу қаупі болды,– деді департаментте.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді, басқа тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті жоюға 4-ӨСБ, 1-МӨСБ, 5 техника мен жеке құрамның 19 өрт сөндірушісі жұмылдырылды.