Ұшақ апаты: Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді
Жансақтау бөліміне жатқызылған 28 жастағы азаматтың жағдайы ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 1998 жылы туған ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне көптеген жарақат алу диагнозымен түсті. Қажетті емді толық көлемде қабылдауда. Науқастың жағдайына динамикалық бақылау жүргізілуде. Жансақтау бөліміндегі алғашқы тәулікте науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, апат 27 мамыр күні таңертең Железинка ауылының маңында болған. АН-2 ұшағы авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау барысында электр желісіне ілініп кеткен. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Ұшқыштың біреуі қаза тапты.