Павлодарда жеке секторды қардан тазалайды

Павлодарда жеке секторды қардан тазалайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстар алдымен су басу қаупі бар аумақтарда жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-шы қаңтардан қаланың коммуналдық қызметтері жеке сектордан қарды тазалау және шығару жұмыстарын бастайды.

50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылатын болады.

Жеке сектордан қарды тазалау, шығару жұмыстарының кестесін сілтеме бойынша көруге болады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаладан 20 мың тоннадан астам қар үйіндісі шығарылды. Күн сайын облыс орталығының көшелерін қардан тазалауға 250 жұмысшы мен 300-ден астам техника жұмылдырылды. Ең алдымен қарды қаланың барлық орталық магистральдарынан, содан кейін екінші реттік көшелерден және айналма автожолдардан алып тастайды.