Павлодарда жеке тұрғын үй өртке оранды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 наурыз күні сағат 3:41-де Павлодар қаласындағы Больничный тұйық көшесі қиылысында орналасқан үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
- Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Онда мамандар кірпіштен салынған 4 бөлмелі жеке тұрғын үйдің ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқанын, сонымен қатар үйге қоса салынған кірпіштен салынған от жағатын бөлменің ағаш едендері отқа оранғандығы анықталды. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады, - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың күшімен жалын толықтай сағат 5:06-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жаудың шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.
Жалынды ауыздықтауға барлығы жеке құрамның 33 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.