Павлодарда жер астынан субұрқақ пайда болды (ВИДЕО)
Малайсары – Мүткенов көшелерінің қиылысында жер астынан су атқылады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік желілік ауданда «Қазақстан Алюминий» АҚ №-ЖЭО-дан жылу желілерінде гидравликалық сынақ жүргізу кезінде кварталдық құбырөткізгішінде ақау шыққан.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі гидравликалық сынақ аяқталғаннан кейін жарияланады.
Жер астынан атқылған суды тоқтату үшін шұра жабылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram