Павлодарда жылыту маусымына дайын үйлердің кезекті тізімі шықты

Павлодарда жылыту маусымына дайын үйлердің кезекті тізімі шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үйлер саны бүгінгі таңда бес жүзден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 тамыздағы жағдай бойынша 2024-2025 жылыту маусымына толықтай 534 үй дайын.

Үйлеріңізді жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпаратты қызмет көрсететін ұйымдардан тексеріңіз, – делінген хабарламада.

Үйлердің тізімін мына сілтемеден көруге болады.