Павлодарда жылу құбырының сыртқы жабыны жанды

Павлодарда жылу құбырының сыртқы жабыны жанды
Ольга Бугева

Белгілі болғандай алдымен құрғақ шөп жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 20:45-те келіп түсті. Мұнда Павлодар қаласында Олжабай батыр көшесі, 13 мекенжайы бойынша құбырлардың жылу оқшаулағышы жанған. Онда алдымен құрғақ шөп жанғаны белгілі болды. Салдарынан жалын жалпы ауданы 100 шаршы метр құбырдың сыртқы жабыны жанды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 2 адам және бір арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 21:20-да жойылды.