Павлодарда жол ережесіне бағынбайтын жаяу жүргіншілер айыппұл арқалауда

Павлодарда жол ережесіне бағынбайтын жаяу жүргіншілер айыппұл арқалауда
Фото: pixabay.com

Жыл басынан бері 5 мың тұрғын жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Өңірде жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына байланысты тәртіп сақшылары рейд ұйымдастыруда. Статистика көрсеткендей, қала тұрғындарының тәртібі жақсарып келеді, бірақ әлі де мінсіз деңгейге жеткен жоқ.

Көрнекі жағдайлардың бірі Павлодардың ең қарқынды көшелерінің бірінде болды. Қала тұрғыны көліктер ағынының дәл алдынан жүгіріп өтпек болып, тіпті көз алдында тұрған патрульден де қысылмаған.

— Автобусқа асығып бара жаттым, сондықтан рұқсат етілген жерден емес, ыңғайлы жерден өтуді жөн көрдім. Кінәмді мойындаймын, — деді құқық бұзушы. Бірақ мұндай шынайылық әрдайым қайғылы жағдайдан құтқара бермейді.

Жыл басынан бері өңірде 4224 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған. Құқық бұзушылықтың негізгі себебі асығыстық пен жалқаулық, «зебраға» дейін қосымша 50 метр жүруге құлықсыздық, құлаққап киіп, айналадағы жағдайды сезінбеу, көліктің сигналдарын естімеу, өз ептілігіне және жүргізушінің реакциясына арқа сүйеу.

Құқық қорғау органдары көлік ең төменгі жылдамдықта да бірден тоқтай алмайтынын ескертеді. Белгіленбеген жерден өту — тек айыппұл ғана емес, өз өміріңді қатерге тігу.