Павлодарда жол-көлік оқиғасы орнынан қашқан жүргізуші айыппұл төлейді

Павлодарда жол-көлік оқиғасы орнынан қашқан жүргізуші айыппұл төлейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол көшеде тұрған көлікті соғып, иесіне шығын келтірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол жүрісі қағидаларын бұзып, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Биыл қазанда «AUDI A6» маркалы автокөлігін басқарған жүргізуші Катаев көшесіндегі үйдің ауласында жүріп келе жатып, кері бағытқа шыққан кезде, маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, басқа тұрғынға тиесілі «LADA» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктер бүлініп, материалдық шығын келтірілген. Осыдан кейін кінәлі азамат өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған.

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ер адам оның асырауында әкесі бар екенін айтып, көлік құралдарын басқару құқығынан айырмауды сұрады.

Сот істі қарап, жүргізушіні ӘҚБтК-нің 611-б. 2-б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды, оған мемлекет пайдасына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

ӘҚБтК-нің 829-11-б. 2-б. негізінде, сот іс бойынша жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік айыппұлдың сомасын 137 620 теңгеге дейін қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.