Өрт сөндірушілерге екпінді жел кедергі келтіруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Строитель» бағбаншылық қоғамдастығында құрғақ шөп пен саяжайлар жанды. Бұл туралы хабарлама 112 басқару пультіне түсті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіруге «Павлодар-Водоканал» мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің өкілдері, 102, 103 қызметтері, апаттар медицинасы орталығы жұмыс істеді.
Өрттің көлемі әлі анықталған жоқ.
Дрондар арқылы жоғарыдан бақылау жүргізілді. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде.
Pavlodarnews
Сәуір 12, 2025 - 18:40
Жаңартылған: Сәуір 12, 2025 - 19:50