Павлодарда жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйінде ұсталды

Іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдеу бағыты бойынша қызмет өткеру барысында Жібек жолы - Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері DAF маркалы автокөлікті тоқтатты.
– Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіде орынсыз мінез-құлық, реакцияның тежелуі байқалды. Жүргізуші куәландырудан өту үшін дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық актіге сәйкес жүргізуші есірткіге мас күйінде болды, – деді департаментте.
Жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Ал материалдар қаралу үшін сотқа берілді.