Павлодарда МХҚО-да медициналық комиссиядан өту уақытша тоқтатылды
Медициналық тексеру кабинетінің қайта жұмыс істей бастағаны туралы қосымша ақпарат беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының мәліметінше, Павлодар қалалық мамандандырылған ХҚО-да медициналық комиссиядан өту уақытша тоқтатылады.
– Жүргізуші куәлігін алуға алғаш рет өтініш берген болашақ жүргізушілерде, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі өткен жүргізушілерде немесе сот шешімі бойынша белгілі бір мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың өздерімен бірге 073-нысанды медициналық анықтама болуы қажет. Клиенттер анықтаманы өздері тіркелген емханадан ала алады, – деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қалалық мамандандырылған ХҚО шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты бұрынғы жұмыс кестесіне оралды. Космонавтар көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қалалық МХҚО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.