Павлодарда «қалта» жолдарының бірі жабылды

Павлодарда «қалта» жолдарының бірі жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

109 қызметінің хабарлауынша, 6 мамырда жол жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 20:00 дейін Н. Назарбаев даңғылының батыс жағымен Естай көшесінен Лермонтов көшесіне дейін «қалта» жабылады. Негізгі жолда көлік қозғалысы ашық болады.

Автобус бағыттарының қозғалысы Н.Назарбаев даңғылының батыс жағындағы «қалтаға» кірмей жүзеге асырылады.