Павлодарда қатты соққан жел салдарынан электр желісінде ақаулар орын алды

Павлодарда қатты соққан жел салдарынан электр желісінде ақаулар орын алды
Фото: Константин Шелков

Қазіргі уақытта сорғылар іске қосылып, су беру қысымы қалпына келтірілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, ауа райы салдарынан электр қуатында ақаулар байқалып, су сорғылары зақымданды. Осыған байланысты 2-ші көтеру станциясында сорғылар қысқа мерзімді тоқтады. Бірнеше сағат ішінде қысым қалпына келеді. Өнеркәсіптік сумен жабдықтау бойынша қысым тұрақты. Сондай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындарда үзілістер байқалмайды. Су құбырлары толтырылуда.

Нақты абоненттер саны бойынша ақпарат жоқ, Қазіргі таңда 109 тұрғындарды ақпараттандыруда.