15 тамызда Павлодар облысында жаңбыр мен тұман күтіледі

15 тамызда Павлодар облысында жаңбыр мен тұман күтіледі
Фото: Константин Шелков

Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде +7...+12, күндіз +14..+19 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік желдің екпіні 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +17..+19 гардус ыстық болады.