Майқайың кентіндегі су құбырында анықталған ақауды жою жұмыстары жалғасуда
Бүгін күні бойы су құбырының 11 учаскесінде құбырларды ашу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК және қала құраушы кәсіпорындардың «Шығыс» разрезі, «Инженерлік желілер» ЖШС және басқа да «Майқайың-алтын» АҚ, облыстық ТЖД мамандары жүргізуде. Барлығы 95 адамнан тұратын 10 бригада және 40 арнайы мамандандырылған техника жұмылдырылды.
4 учаскеде құбырдағы ықтимал қату мен ауаны анықтау үшін жер жұмыстары жүргізілуде. Қосымша 2 бригада құрылып, олар судың ағуын анықтау және қысым бойынша өлшеулерді алу үшін кентішілік су құбырларын тексеруде.
– Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Сонымен қатар, көлемі 10 мың текше метр болатын резервуарда 2 тәулікке есептелген су қоры бар. Ол 231 жеке тұрғын үй, 58 көпқабатты тұрғын үй, 71 заңды тұлғаларға пайдалануға арналған. Қажет болған жағдайда су беру арқылы резервуарды тұрақты толықтыру қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, тұрғындарға ауыз су мен техникалық су тасымалдануда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған, – делінген хабарламада.
Жұмыстар анықталған ақау жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, жағдайға байланысты жедел штаб ұйымдастырылды. Ол жерде аймақ басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД басшысы бар.