Павлодарда қайда жарық болмайды?

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 наурыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Желтоқсан көшесі, 129 – қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі, 129/1 – «АТИЛЛА» әйелдер клубы, «EURASIA» тіл орталығы, 129/2 «BAILEYS» мейрамханасы;
- Гоголь тұйық көшесі, 123 – «Тамерлан» бизнес орталығы, 128 – «Лаборатория красоты SALMAN
- 4K» шаштаразы;
- Естай көшесі, 84 – «Интерком» дүкені;
- Гоголь – М. Жүсіп – Желтоқсан – М. Исиналиев көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.