Павлодарда қазақ тілін үйренушілер мемлекеттік тілде ән салады
Жобаға 16 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәлімдеді.
- Мемлекеттік тілді насихаттау және оны тұрғындар арасында кеңінен қолдану мақсатында, әрі қазақ тіліне үйрету жұмыстарын түрлендіру үшін «Қазақша ән салайық» атты жаңа жоба ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты - қазақ тілін меңгерген азаматтарды ынталандыру, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, қазақ әндері арқылы ұлттық өнерді дәріптеу, - делінген хабарламада.
«Қазақша ән салайық» жобасы қазақ тілін үйреніп жатқандар үшін қазақ халқының дәстүрлі, заманауи әндерін жанды дауыста орындау арқылы өз дағдыларын нығайтуға ниет білдірген тұлғалар санатына арналған іс-шара.
Жобаға 16 жастан асқан кез келген азаматтар қатыса алады. Шара 8 қараша күні «Арнау» мейрамханасында сағат 19.00-де өтеді.
Жобаға қатысуға тапсырысты 7 қарашаға дейін мына телефон нөмерлері арқылы 65-23-63, 87015269321 немесе otdkultpvl@yandex.kz электронды пошта беруге болады. Орындар саны шектеулі.