Павлодарда қылмыскерлерді залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Павлодарда қылмыскерлерді залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
Фото: Константин Шелков

Қала көшелерінің бірі уақытша жабылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Чехов атындағы орыс драма театры лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар алаңына айналды. Сценарий бойынша ғимаратты қылмыскерлер басып алған. Қауіпсіздік қызметі үш жағынан патрульдік көліктермен бұл жерді жауып тастады, ал ғимаратқа жақындаған жерлерде жаяу кордондар жүргіншілерді кері қайтарып отырды.

Театрға полицияның басып алу тобы кірді, ал арнайы жасақ қызметкерлері жауынгерлерді жасырын түрде тасалады. Жақын жерде жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер кезекшілікте болды. Біраз уақыттан кейін арнайы жасақ залалсыздандырылған «басқыншыларды» шығарып, көлікке отырғызды. Операция бір сағатқа жуық уақытты алды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар 6 мамырға дейін жалғасады.

Жергілікті тұрғындарды өтіп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, – деп қосты штаб.

Павлодарлықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.