Павлодарда «Мен өліп жатқанда» сатиралық комедиясының премьерасы өтті

Павлодарда «Мен өліп жатқанда» сатиралық комедиясының премьерасы өтті
Фото: Есенжол Исабекұлы

Әлемдік театрларда сахналанып жүрген өзекті де өткір туындылардың бірі өңір тұрғындарының назарына жол тартты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының басшылығымен және көркемдік кеңестің ұйымдастыруымен  премьера апталығы басталды.

   ff727e82-baf3-4979-87cb-af1f3e241aab.jpg

– Республикамызда 70-ке жуық театр бар болса, соның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрған белді театрларымыздың бірі осы –Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры. Театрда жас режиссерлердің қатары көбейіп келеді. Орта буын мен жас буынның актерлік шеберліктерін көріп жүрміз. Өнерге деген қызығушылық байқалады, – деді  Т.Қ. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы театр өнері тарихының теориясы кафедрасының профессоры, театр сыншысы Бақыт Нұрпейіс. 

Премьера апталығының шымылдығын ашқан үздік драматург Надежда Птушкинаның «Мен өліп жатқанда» пьесасы көрермен көзайымына айналып үлгерді.  

театр.jpg

Қойылымның сюжеті қарапайым: бір пәтерде екі әйел, анасы мен қызы тұрады. Анасының сырқаты, отырып қалған қыздың мұң-қайғысы өмірлерін бір сарындылыққа салып қойған. Бірақ кенеттен Жаңа жыл қарсаңында керемет оқиға орын алады. Олардың өміріне жаңа адам еніп, тағдырлары күрт өзгереді.

e197f42c-d2c9-45ac-adbe-8cd2942110e1.jpg

Театр өнерінің туындысын тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Павлодар қаласының өнерсүйер қауымы қатысты.

9f8b3a9b-fd90-426e-a9ca-6d79a62c00b1.jpg

Айта кетейік, сонымен қатар 30 қарашада  А.Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасы және 1 желтоқсанда Н.Птушкинаның «Күзгі махаббат» сатиралық комедиясының премьералары көрсетіледі.