Павлодарда емшіні ұрғандар сотталды

Павлодарда емшіні ұрғандар сотталды

Зардап шеккен ер адамның үйінен 12 млн теңге ұрлап әкеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарақшылық шабуыл (ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және алаяқтық (ҚК 190-бабының 4-бөлігі 4-тармағы) фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалы бойынша, өткен жылдың шілдесінде түнгі уақытта үш ер адам Тойота Центр аялдамасынан түсіп, бетперде мен қолғап киген бойда заңсыз әрекетке барған. Олар өз ойын жүзеге асыру үшін  тұрғын үйге заңсыз кіріп, әкесі мен баласына қарақшылық шабуыл жасаған. Бұзақылар екеуіне әртүрлі дене жарақаттар келтіріп қана қоймай 12 млн теңгеден астам материалдық зиян келтірген. Айта кетейік, зардап шеккен емші адамдарды лицензиясыз емдеген.

Сотта прокурор айыпталушыларға 11 жыл бас бостандығынан айыруды, ал біреуінің бұған дейін ауыр қылмас жасағанын ескере отырып, 14 жыл сұрады. 

Жапа шеккендер сотталушыларға ұзақ жаза тағайындауды сұрады. 

Ал сотталушы ер адамдар мен адвокаттары  істі онша ауыр емес бап бойынша қайта қарастыруды сұратқан. Нақтырақ айтсақ, тонау (ҚК 191-бабының 2-бөлігінің 1) тармағы) және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және т.б дәлелденді.

– Істің мән-жайын және сотталушылардың жеке басын ескере отырып, сот  оларды 10, 11,13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінді сот үкімінде. 

Сотталушылар жапа шеккен ер адамға 8 млн теңге материалдық залалды өтеуге тиісті.  

Үкім заңды күшіне енбеді.  

Айта кетейік, өткен жылдың шілдесінде түнгі сағат екінің  шамасында бетперде киген белгісіз адамдар жеке үйге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, 46 жастағы ер адам мен оның 16 жастағы ұлынан ақша талап еткен еді. Полиция қызмектерлері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш тұрғынды ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын.

Констанин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті