Павлодарда Құрбан айт намазы уақыты белгілі болды

Павлодарда Құрбан айт намазы уақыты белгілі болды
Фото: Константин Шелков

Мерекеге байланысты 17 маусымда қосымша демалыс күні болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

16 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін жария етті. 

Павлодарда айт намазының уақыты – 06:00.

2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, Арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Құрбан айт мерекесіне байланысты 17 маусымда қосымша демалыс күні болмайтынын мәлім етті. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

Еске сала кетейік, Ақсу қаласында Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.