Павлодарлық олимпиада жеңімпаздарын Асайын Байханов құттықтады

Облыс әкімі ұстаздарға адал еңбектері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы 1-4-сынып оқушылары арасында өткен XVIII республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті және балаларды жарқын жеңістерімен құттықтады.
– Мен облыс тұрғындарының – спортшылардың, оқушылар мен студенттердің кез келген жеңісіне әрдайым шын жүректен қуанамын. Әсіресе, өскелең ұрпақтың жетістіктері қуантады, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram-парақшасында.
Павлодар Ертіс өңірінің оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда әрдайым жоғары нәтижелер көрсетіп, үздіктердің қатарынан көрінеді.
– Біздің балаларымыздың жетістіктері – ата-аналары мен ұстаздары үшін әрдайым үлкен қуаныш. Ұстаздарға адал еңбектері үшін алғысымды айтамын және балалардың ата-аналарын білім жолындағы осындай жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! – деп атап өтті аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі өзі де бала кезінде әртүрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысқанын және қандай да бір бағытта жоғары нәтижелерге қол жеткізу, біліміңді дәлелдеу, кіл үздіктерімен бәсекеге түсу қаншалықты жауапкершілік және қобалжу екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram