Павлодарда мектеп оқушылары өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты

Кәсіби бағдар беру экскурсиясы №3 өрт сөндіру бөлімінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны Жастар бастамаларын дамыту орталығы №21 мектептің оқушылары үшін ұйымдастырды.
– Оқушылар өрт сөндірушілердің қызметі туралы мағлұмат алып, арнайы техникамен, құрал-жабдықтармен және қауіпсіздік ережелерімен танысты. Қатысушылар жауынгерлік киімді киіп көріп, құтқарушының рөлін сезінді, сондай-ақ өрт сөндіру шлангісін қолдануды тәжірибе жүзінде байқап көрді, – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экскурсиялар оқушыларға түрлі мамандықтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, болашақ кәсіби бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram