Бельгияда шетелдік студенттер наразылыққа шықты
Бельгия астанасында Монс, Льеж, Намюр және Брюссель университетінің 200-ден астам студенті наразылыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Наразылық акциясын ұйымдастырған Французтілді студенттер федерациясының (FEF) мәліметінше, жастар университеттердің шетелдік студенттердің кепілгерлерінің табысына қойылатын талаптарын көтеруге қарсы.
Манифестация қатысушылары Солтүстік вокзалда жиналып, Шетелдіктер ісі басқармасының ғимаратына бағыт алды, кейін Жоғары білім министрі Валери Глатиньидің кеңсесіне кепілгерлерге қойылатын жаңа соманы қарауды талап етіп барды.
Бельгия заңнамасына сәйкес, әр студент жоғары білім алу үшін Еуропалық Одақтан тыс «кепілгері» болуы тиіс.
2023-2024 оқу жылында шетелдік студенттердің кепілгерлеріне қойылатын талаптар артты. Төлем мөлшері айына 2758 еуро деңгейінде белгіленді, бұл әлеуметтік интеграциядан түскен кірістің 120% сәйкес келеді (бұған дейін 100%), сондай-ақ үшінші елдің әрбір азаматы үшін 789 еуроны құрайды.
FЕF студенттер федерациясының бағалауы бойынша, бұл сома студенттер үшін қолжетімсіз. Егер кепілгер табылмаса, кейбір студенттер тұруға рұқсатынан айырылып, елден кетуге мәжбүр болады, ал басқалары кейде жалған демеушілермен алаяқтық жасауға мәжбүр.
«Емтихандар жақындаған кезде бұл студенттер осы мәселемен бас қатырып, оқуға дайындала алмай жүр», - деп түсіндірді FEF президенті Эмила Ходжай.