Павлодарда үш автобус жол жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда үш автобус жол жүру бағытын өзгертеді
Фото: Константин Шелков

Олар бір ай бойы басқа бағыттар бойынша жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ  ЖК және АЖ бөлімінің хабарлауынша, Нұркин көшесі - Назарбаев даңғылының шекараларында Ломов көшесіндегі жылу желісіне жоспарлы күрделі жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында № 003, 5, 57 автобус бағыттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгертілетін болады.

№5 автобус Ломов көшесімен шығыстан батысқа қарай бағытта келе жатқан кезде оңға қарай Н. Назарбаев даңғылына бұрылады, содан кейін Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады. одан әрі М. Жүсіп көшесіне солға бұрылады, кейін Ломов көшесіне оңға бұрылады және одан әрі маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№57 автобус М. Жүсіп көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта келе жатқан кезде Ак. Шөкин оңға бұрылады, содан кейін Н. Назарбаев даңғылына солға бұрылады және одан әрі маршрут бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 003 автобус Ломов көшесімен шығыстан батысқа қарай бағытта келе жатқан кезде Н. Назарбаев даңғылына солға бұрылады, содан кейін Амангелді көшесіне оңға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне солға бұрылуды жүзеге асырады және әрі қарай маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.