Павлодарлық жас спортшылар паралимпиада ойындарынан жеңіспен оралды

Павлодарлық жас спортшылар паралимпиада ойындарынан жеңіспен оралды

"Жеңістерге бірге" республикалық жарысы 4-8 маусым аралығында Қонаев қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жас павлодарлықтардың VI республикалық паралимпиада сайыстарына қатысуын облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Жарысқа республиканың сегіз өңірінің спортшылар қатысты. Олар волейбол, тоғызқұмалақ, асық тас, бес тас, жүзу, арбада отырып билеу бойынша бақ сынасты.

- Павлодар облысынан "№1 балабақша-мектеп-интернат арнайы кешенінің, №4, 6 арнайы мектеп-интернатының, Екібастұздың дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары және Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің, Қанапьянова атындағы жоғары колледжінің студенттері қатысты, – деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің облыс құрамасының қатысушылары волейбол, тоғызқұмалақ және бес тас бойынша қыздар арасында бірінші, бес асық бойынша ұлдар арасында екінші орынды еншіледі.

Жалпы командалық есеп бойынша павлодарлықтар бірінші орынды иеленді.