Павлодарда үйіне мас келген жігіт анасымен жанжалдасты
Ер адамның үстінен көршілері шағым түсірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көктемнің алғашқы күндерінің бірінде кешке В.Иванов көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары көршілерінің шуына шағымданды.
Отбасылық айқай ұзақ уақытқа созылды. Сондықтан сағат 00.00-де тұрғындар полицияға қоңырау шалды. Белгілі болғандай ұлы анасымен жанжалдасқан.
- Ер адам тәртіп сақшыларына мерекеге орай достарымен ішімдік ішіп, үйге кеш келгенін, оған анасы ескерту жасағанын айтты. Анасының ескертуін ұнатпаған ол айқайлай бастады. Көршілердің шуды тоқтату туралы өтініштеріне жігіт құлақ аспады. Сондықтан, тыныштықты бұзғаны үшін сағат 22:00 –ден 9:00-ге дейін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ер адаммен полицейлер мұндай жағдайлардың алдын алу туралы алдын алу әңгіме жүргізді, - делінген хабарламада.
Басқа жағдайда, сағат 02:52-де Бұқар Жырау көшесіндегі үйдің тұрғыны пәтер терезесінің жанында "ер адам айқайлап, ескертуді елемейді" деп қоңырау шалды. Сол күні, сағат 04.00-де Лермонтов көшесіндегі үйдің тұрғындары жоғарыдан шу шығаратын көршілеріне шағымданды.
Бір тәуліктің ішінде Павлодар қаласының полициясына тыныштықты бұзу бойынша 10 шақыру келіп түскен. Шақырудың барлық жағдайларында полиция қызметкерлері мәселені пысықтады, әрбір бұзушыға тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ағымдағы жылы полиция Павлодар өңірінің түнгі уақытта басқалардың тыныштығын бұзған 1062 тұрғынын анықтады.