Павлодарда Ұлттық ұланның жас жүргізушілері әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті
Олар шерумен 50 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
6679 әскери бөлімнің мәліметінше, Ұлттық ұланның жас жүргізушілері алған теориялық білімдерін іс жүзінде бекітті, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетіп, әртүрлі кедергілерді жауынгерлік машинамен еңсерудің барлық мүмкіндіктерін зерттеді.
– Жауынгерлік техникамен жүру – оңай емес. Взвод бағанының немесе ротаның құрамында жолдармен және бағаналы жолдармен жүру қажет. Ең алдымен, барлық дәрежелі командирлер шеруді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Жас жүргізуші гвардияшылар жауынгерлік машиналарды басқаруда, қиын жағдайда маневр жасауда шеберліктерін, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдықты көрсетті, – дейді әскери бөлімде.
Олар Павлодар қаласы - Павлодар ауылы - Мичурен кенті бағыты бойынша жүріп өтті. Іс-шараға қатысқан офицерлер саны – үшеу, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер – бесеу, сондай-ақ 2-2023 жылдың шақырылым сарбаздары – 10, және 1-2024 жылдың шақырылым сарбаздары – 12 әскери қызметші.