Павлодарда әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне өтініштерді қабылдау басталады
15 қыркүйектен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қабылдау мерзімі 2024 жылғы 1 қыркүйектен – 2024 жылғы 15 қыркүйек аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 жергілікті уақыт бойынша жүзеге асады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі.
Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлік – мүмкіндігі шектеулі адамдар немесе кәсіпкерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бизнес. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы.
Өтінім беру орны: Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61-үй, 1-қабат, 112, 114-кабинет.
Толық ақпаратты suleimenova.roza@pavlodar.gov.kz электрондық пошта мекенжайы және 32-33-21, 32-33-09 байланыс телефондары арқылы алуға болады.