Павлодарда әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
Марапаттарды облыс әкімінің орынбасары табыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық С. Торайғыров атындағы кітапханада халықты әлеуметтік қорғау саласында еңбек еткен мамандардың кәсіби мерекесі қарсаңында марапаттау кеші өтті. Шара барысында 30-ға жуық әлеуметтік қызметкер марапатталды. Ал бұл марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова табыстады.
– Бүгін халықты әлеуметтік қорғау саласында жүрек жылуын аямай еңбек етіп жүрген мыңдаған маманның кәсіби мерекесі! Сіздердің мамандықтарыңыз игілік пен мейірімділіктің, адамгершілік пен қамқорлықтың нышаны екені сөзсіз. Көмек мен қолдауды қажет ететін азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға байланысты. Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ жүректі асыл жандар! – дейді Айзада Құрманова.
Көп жылғы адал еңбегі, халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Бақытгүл Аралбаева, Сауия Жолдасова, Арман Заитов, Анатолий Коротков, Жандос Окенов, Магупура Омарова, Жанна Орынбасарова марапатталды.
Облыс әкімінің Алғыс хаты Асхат Белялов, Дастан Вахабов, Нұржамал Дүйсембаева, Оксана Снегур, Раиса Хаханаеваға табысталды.
Айман Жатақбаеваға «Еңбек ардагері», Гүлбайрам Біләлова, Светлана Кайсаримова, Наталья Кузятқа «Еңбек саласының үздігі» төсбелгілері табыс етілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасын Гаухар Байтілесова, Венера Демеубаева, Алма Жансүгүрова, Диляра Қасенова, Жанат Қасымов алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаттарымен Гүлнар Ахтамберова, Әсемгүл Джаксыбаева, Берік Қасымов, Алтынай Саматова, Сәуле Сипатова марапатталды.
Айта кету керек, аталмыш кештің соңында әндер шырқалып, кеш қонақтары мен еңбек ардагерлеріне гүл шоқтары табысталды.