Павлодарда өрт кезінде оттегі балонсыз тыныс алуға көмектесетін Израиль жабдығы алынды
Жылжымалы жабдық қуатсыз 5-6 сағатта жұмыс істеуге жарамды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР ТЖМ апаттар медицина орталығының Павлодар облысы бойынша филиалында алты жабдтықталған техника бар. Оның төртеуі Павлодар қаласындағы шақыртуларға шықса, екі экипаж Қалқаман мен Шідерті жол трассасында орналасып, ірі жол апаттарға, өрттерге жұмылдырылады. Әр көліктің ішінде адамға алғашқы көмек көрсететін, өмірін сақтап қалуға жәрдемдесетін құрылғылар бар. Оның ішіндегі ең ерекшесі – оттегі баллонсыз жұмыс істейтін құрылғы.
– Оттегі баллонсыз-ақ сүзгі арқылы ауадан беріледі. Оны өзімен бірге қолдорба секілді алып жүруге болады. Ал мониторда науақастың жағдайы көрініп тұрады. Кәдімгі оттегі баллондарынан әлдеқайда жеңілірек. Әдеттегі баллондардың салмағы 10 келі болса, жаңа құрылғының салмағы – небәрі бір келі, – деді облыстық апаттар медицина орталығының шұғыл бөлімшесінің фельдшері Алексей Степанов.
Оның сөзінше, жылжымалы оттегі беретін аппараттар жедел жәрдем қызметінде жоқ. Екі құрылғы тек орталық қызметкерлері қолдануда.
Олар Израиль елінде жасалған. Қуаты 5-6 сағатқа жетеді. Батареяларды ауыстырған кезде құрылғылармен үздіксіз жұмыс істеуге болады. Бір құрылғының құны 15 миллион теңгеден асады.