Павлодарда өткен «Spring Ice» турнирінде жерлестер 8 медаль жеңіп алды

Павлодарда өткен «Spring Ice» турнирінде жерлестер 8 медаль жеңіп алды
Фото: Константин Музалевский

Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған мәнерлеп сырғанаушылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан «Spring Ice» республикалық турнирі аяқталды. Оған Қазақстанның сегіз өңірінен 275 спортшы қатысып, шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының спортшылары әр түрлі дәрежедегі сегіз медаль жеңіп алды.

«Спорт шебері үміткерлері» санатында Мария Санников алтын медаль иеленсе, Анна Санникова күміс жүлдегер атанды. «Бірінші спорттық разряд (қыздар)» санатында Маргарита Киселева екінші орынға ие болды.

«Алғашқы қадамдар» санатында (2019 жылы туғандар) Тұмар Рүстемқызы қола медаль жеңіп алды.

«Спорт шебері үміткерлері (жастар)» санатында Мансур Тулегенов бірінші орынға көтерілсе, «Бірінші спорттық разряд» санатында Ансар Тулегенов жеңімпаз атанды.

Ал «Ересектер» санатында Вероника Калюжная алтын медаль еншілеп, «Екінші спорттық разряд, B тобы» санатында Мария Анушкина күміс жүлдеге ие болды.

Мамандар павлодарлық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, олардың жетістіктері өңір спортының дамуына серпін беретінін жеткізді.