Павлодардан Долгое ауылына дейін автобус жүретін болды
Бұған дейін тұрғындардың өтініштері бойынша 24-ші автобус Кенжекөл ауылдық округіне қарасты Байдала ауылына жүре бастаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
109 қызметінің мәліметінше, Долгое ауылы тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, «№1 автобаза» ЖШС 9 ақпаннан бастап №24 автобус бағытын Долгое ауылына дейін ұзартты.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы үлкен, төмен еденді тағы 40 автобус әкелу жоспарлануда. Оның 20-сы Павлодарға, 20-сы Екібастұзға тиесілі.