Павлодарлық металлургтер мен кеншілер әзіл арқылы өз жұмыстарының қыр-сырын ашты
Павлодар алюминий зауытының 60 жылдығына арналған кезекті КТК-2024 кубогы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тапқырлықпен және өткір әзілдерімен бақ сынасуға ERG кәсіпорындарынан, «Қазақстан алюминийі» филиалдарынан және Павлодар алюминий зауытының цехтарынан 10 команда шықты. Атап айтқанда, автокөлік цехынан «Дизель», гидрометаллургиялық цехтан «Свой среди чужих», «Қазақстан алюминийі» АҚ Баянауыл ауданындағы «АҚ» филиалының «Керегетас» әктас кенішінен «Кеншілер», Қазақстандық электролиз зауытынан «Аlюминительные», ERG сервистік орталығынан «За деньги да», орталықтандырылған жөндеу цехынан «Алюминиевые огурцы», энергетикалық жөндеу цехынан «Приватные», «Еуразия» медициналық орталығынан «50 оттенков белого», «Сервис» ЖШС-нен «Друзья Гурмана», «Қазақстан алюминийі» АҚ Қостанай облысындағы филиалы «Краснооктябрьское» боксит кен басқармасынан «КБРУ» командалары қатысты.
– Осындай шараға мен бірінші рет көрермен болып келіп отырмын. Әзілдердің компанияларымыздың ішкі мәселелері туралы болғаны керемет болды. Себебі, өзіміз үшін көп нәрсені түртіп алдым. Батыл, әзілқой қызметкерлер қосылып, тамаша өнер көрсетті. Олардың тапқырлықтарын көрсете алуы, нәтиже шығара алатын қабілеттері қуантады, – деді «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары және қазылар алқасының мүшесі Ақмарал Найзабекова.
Ол «Свой среди чужих» командасын дауыстары керемет әнді тамаша айтатын команда екенін атап өтті.
Ал, қазылар алқасының төрағасы, «Алюминий» дивизионының бас операциялық директоры, «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директоры Владимир Красноярский мұндай іс-шарада алғаш рет бағалау өте қиын болғанын, әзілдер өте күлкілі әрі өзекті өзекті екенін айтты.
– Әр қатысушының командамен жұмыс жасай білуінің арқасында әдемі кеш болды деп ойлаймын. Тамаша әсер алдым. Барлық қатысушыларға рақмет айтамын, – деді Владимир Красноярский.
Нәтижесінде кубок және екі жүз мың теңгеге сертификат алып, «За деньги да» командасы жеңіске жетті. Екінші орын –150 мың теңге жүлде «Превратно» және «КБРУ» құрамаларына табысталды. Көшбасшылардың үштігін «50 оттенков белого» мен «Друзья Гурмана» командалары тұйықтап, жүз мың теңге ұтып алды.
– Бұл ойын біздің дебютіміз болды. Қызмет көрсету орталықтары әр қалада бар. Жиналып, команда құрып, қатысуға шешім қабылдадық. Дайындалуға тек төрт күн уақыт болды. Күндіз дайындық жүргізсек, кешке жұмыс істедік. Нәтижесінде жеңіске жеттік. Өте қуаныштымыз, – дейді «За деньги да» командасы мүшелері.
Айта кетерлігі, командалардың жанкүйерлері де осы кеште белсенді болды. Олар әзіл-сықақшыларды қолдау үшін дауылпазда ойнап, ысқырып, қолдау сөздер жазылған плакаттарын биік көтерді.
Қазылар алқасының мүшелері жеңілгендер болмағанын, өйткені олардың әрқайсысы өзін көрсете білгенін атап өтті.
Бұл ретте ұйымдастырушылар «Үздік актер», «Үздік актриса» және «Үздік әзіл» аталымдарын дайындаған. Оларға 50 мың теңгеге сертификаттар тағайындалды.
Қостанай облысының Лисаковск қаласынан келген кезекші қосалқы станцияның теміржол цехында жұмыс атқаратын Юрий «Үздік актер» аталымының иегері.
– Жарысқа келгеніме, өз тәжірибеммен бөліскеніме, жаңа таныстықтар орын алғанына, Павлодар қаласының көрермендерін қуантқаныма өте қуаныштымын. Жалпы, осы қалаға келуді армандағанмын. Бала кезімнен бастап КТК-дан алшақ болмағанымның арқасында өзімді көрсетуге мүмкіндік болды деп ойлаймын, – деді ол.
Ал, «Үздік актриса» номинацациясы «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директоры Владимир Красноярскийдің алдына шығуға тәуекел етіп, батыл қадам жасаған Айгүл Құмарға бұйырды. Ол «Сервис» ЖШС-де екі жылдан бері үйлестіруші және СММ менеджері болып жұмыс істейді.
– Мұндай аталымды иеленемін деп мүлдем күтпедім. Себебі, өмірде тұйықтау адаммын, бірақ сахнада басқа адам сияқты көрінемін, – дейді Айгүл Құмар. – Жалпы, осындай ісшарада әрбір жұмысшының өз-өзің көрсету мүмкіндігі бар. Біз үш күнде дайындалдық, өйткені негізінен адамдармен жұмыс істегендіктен, дайындыққа бір уақытта келе алмадық. Дегенмен өзімізді, командалық рухты көрсеттік деп ойлаймын. Біз үшін ең бастысы жеңіс емес, қатысу және есте қалу болды. Менің ойымша, бұл біздің қолымыздан келді.
«Үздік әзіл» номинациясын «Еуразия» медициналық орталығы препараттарды сатып алу туралы әзіл айтып, жеңіп алды.
Айта кетейік, алюминий дивизионының КТК Кубогы жыл сайын өткізілуде. Бүгінгі таңда ең мықты ойыншылар бір дивизиялық командаға жиналған. Павлодар алюминий зауытының 60 жылдығына арналған кезекті КТК-2024 Кубогында олар да жарыстан тыс өнер көрсетіп, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.