Павлодарда шетелдіктер референдумды бақылау үшін учаскелерді өздері таңдайды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне аккредиттеуге өтініш түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, атом электр станциясын салу жөніндегі референдумға 6 қазан күні Түркия, Әзербайжан, АҚШ-тың бақылаушылары қатысуға өтініш білдірген.
– Ереже бойынша, егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысса, референдум нақты өңірде өтті деп есептеледі, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы.
Әр адам жеке дауыс береді, басқа адамдарға белгі қоюға тыйым салынады. Бюллетеньдер жеке куәлікті көрсеткен кезде тізімдер бойынша беріледі. Дауыс беру күні «Электрондық үкімет» порталында тіркеуді тексеру үшін 225 учаскеде онлайн-сервистер қолжетімді болады.