Ақсу ауылдық аймағында балықшы тыйым салынған зат қолданған

Табиғатты қорғау полицейлері табиғат қорғау заңнамасының 50-ден астам бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірде уылдырық шашу, су жануарларын заңсыз өндіру, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы кезеңінде браконьерлік фактілерінің жолын кесу, браконьерліктің алдын алу мақсатында алдын алу рейдтерін жүргізеді.
– «Уылдырық шашу» акциясы барысында 26 сәуірде сағат 20.20-да Қаныш Сәтбаев атындағы каналда Ақсу қаласының Қалқаман ауылының жанында 56 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол каналда балық аулау үшін ұзындығы 50 метр болатын қытайлық балық аулау ауын орнатқан. Бұл ретте Қытайда өндірілген моноауларды балық аулау кезінде пайдалануға тыйым салынатынын айта кеткен жөн, – деді Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Рақметов.
Сондай-ақ тәртіп сақшыларымен 2,3 келі алабұға мен қарақұйрық тәркіленді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі – «тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тыйым салынған орындардағы тәсілдермен балық аулау ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.
Айта кетейік, облыста 2023 жылғы 15 сәуірден бастап дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде жайылмалы су айдындарында балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынды.