Павлодардың бас сахнасында қандай іс-шаралар өтеді?

Павлодардың бас сахнасында қандай іс-шаралар өтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ertis Promenade» сахнасында қала тұрғындарын концерт, дискотека және спорттық шаралар күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

11 шілде күні сағат 19:00-де Павлодар ауданының шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

12 шілде күні таңғы 9:00-ден 10:00-ге дейін «Спортты Павлодар» аясында әртүрлі форматтағы жаттығулар ұйымдастырылады. Кешке сағат 18:00-ден 20:30-ға дейін би фестивалі, ал 20:30-дан 22:00-ге дейін дискотека ұйымдастырылады.

13 шілде күні сағат 19:00-де «ERTIS DAUYSY» вокалдық байқауының концерті өтеді.