Павлодарда экс-шенеунікке заңсыз өтемақы төленген
Бұзушылықты прокурорлар анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар ауданы әкімінің аппаратында қайта ұйымдастыру кезінде азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маман лауазымы қысқартылған.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқармасына берілді.
Аудандық әкімдіктің қызметкері өзінің алып жүрген жалақысын сақтап қалып, бірақ басқа функционалдық міндеттері бар лауазымға ие бола алады. Ол бұл ұсыныстан бас тартып, өз еркімен жұмыстан шыққан. Кейін лауазымының қысқаруына байланысты ақшалай өтемақы сұрап өтініш жазып, төлем алған. Бірақ прокурорлар қызметкер заңсыз өтемақы алды деп есептеген. Өйткені оған тең дәрежеде лауазым ұсынылды.
– Біз жауап берген актіні тапсырдық, – деді аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Опабеков. – Аудан әкімі материалдық жауапкершілікке тартылып, 830 мың теңгені өз қалтасынан өтеді.
Сонымен қатар, заңдылықты бұзғаны үшін әкім қатаң сөгіс алды.