Павлодар облысында Астана мен Қарағандыға баратын барлық жол жабық

Павлодар облысында Астана мен Қарағандыға баратын барлық жол жабық

Жол көрші өңірлердегі ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. 

16 сәуір күнгі сағат 20:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты жел, жолдың нашар көрінуі) Астана-Ерейментау-Шідерті бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлеріне жол жабық.

Сағат 20:50-ден бастап Қарағанды ​​облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жанынан соғатын жел, көктайғақ) республикалық маңызы бар Қалқаман-Майқайың-Баянауыл-Үміткер-Ботақара жолында Қарағанды ​​облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлеріне жол жабық.

Сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар жолында Шідерті кентінен Қарағанды ​​облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлеріне жол жабық.

Сонымен қатар, 17 сәуір сағат 00:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар, жолдың нашар көрінуі) Ленин кентінен Шідерті кентіне дейін көліктің барлық түріне жол жабылды. 

Фото: ашық дереккөздерден