Павлодар тергеу изоляторында 180-нен астам адам өз таңдауын жасады

Павлодар тергеу изоляторында  180-нен астам адам өз таңдауын  жасады

№ 120 жабық сайлау учаскесінде  Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды кезектен тыс сайлау  өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, саяси науқанды өткізу үшін тергеу изоляторында сайлау учаскесі дайындалған, шараға дауыс беру құқығы бар 181 адам қатысты. 

Сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 07.00-де еліміздің Әнұранын орындаудан бастады

- Мекеме басшылығы мен қызметкерлері сайлау учаскесінің сайлаушыларға қолжетімді болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасап, тиісті қадағалауды қамтамасыз етті. Сайлаушылардың тізімдерін дайындап, құжаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ стендтерде дауыс беру ережелері мен депутаттыққа кандидаттар туралы қажетті ақпарат орналастырылды, - деді департаментте. 

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 63 мекемесінде сотқа дейін қамауда отырған тұлғалар белсенді азаматтық ұстаным көрсетті. Еліміздің болашағы мен жас ұрпақ үшін бүгінгі таңдаудың маңыздылығын түсініп, өз таңдауларын жасады.