Павлодар облысында үш мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды
Кедейлік шегінің мөлшері 37 007 теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек 3146 аз қамтылған отбасыға берілді, оның ішінде 13517 адам бар.
Бұдан басқа, бір жастан алты жасқа дейінгі қоса алғанда АӘК алушылардың отбасыларынан 3998 балаға 1,5 АЕК (5538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем жүргізілді.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына АӘК-нің 526 еңбекке қабілетті алушысы тартылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа – 300 адам орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 30, қоғамдық жұмыстарға – 111, жастар практикасына – 10, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 29, кәсіпкерлік бастамаға 46 адам жіберілді.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында АӘК тағайындау үшін кедейлік шегінің мөлшері 37 007 теңгені құрайды.