«Павлодарэнерго» АҚ: Демалыс күндері сервистік орталықтар жұмыс істемейді

Төлемдерді онлайн жүйелер арқылы жасауға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Компания 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері мерекеге байланысты сервистік орталықтары мен төлем қабылдау пункттерінің жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
Тұтынушылар мен кәсіпкерлер төлемдерді онлайн жасау үшін келесі сервистерді пайдалана алады:
- Kaspi.kz немесе Halyk мобильді қосымшалары;
- kassa.24 төлем терминалдары;
- Жеке кәсіпкерлер үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасы.