Павлодарлық балалардың құқықтарын қорғау үшін telegram-бот іске қосылды

Павлодарлық балалардың құқықтарын қорғау үшін telegram-бот іске қосылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бот арқылы фотосуреттермен және бейнематериалдармен бөлісуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қорқыту, зорлық-зомбылық және балалардың құқықтарын басқа да бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «SafeChild» telegram-ботын әзірледі.

– Онда балалар немесе басқа адамдар мұндай фактілер туралы фотосуреттер мен бейнематериалдарды қоса бере отырып, жасырын түрде хабарлай алады. Павлодар тұрғындары мен қонақтарын балаларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарлауға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Қалалық прокуратураның кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы жалғасуда.