Павлодарлық еріктілер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай берді
Қала көшелерін таза ұстауға үлес қосатын жандарға үзіліс ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері «VOLUNTEER PVL» жобасы аясында «Areket uakyty» акциясын өткізді. Онда олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, шай мен тәттілермен үзіліс ұйымдастырды.
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күн сайын қаламыздың таза әрі жайлы болуына атсалысады. Біз оларға алғысымызды білдіріп, қолдау көрсетуге қуаныштымыз,– деді еріктілер.
«VOLUNTEER PVL» жобасы бойынша еріктілер адамдарға жылулық сыйлауды жалғастырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram