Павлодарлық кітапханада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті

Павлодарлық кітапханада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті
Фото: С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

Бұл шара кітапханадағы орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің күнінің аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұлттық киімдердің шеруі және қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

–Кітапханашылар қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы білім қалыптастыру, патриотизмді насихаттау болып табылатын «Сырғалым» жобасын ұсынды,– деді кітапханада.

Бұл жоба қала түрғындарын өңірдегі ең үздік кітапхана жобаларымен таныстыруға бағытталған. Кітапханашылар қызықты өлкетану жобаларын жүзеге асыруда кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерінің құпияларымен бөліседі.

Көрме-жәрмеңкеде түрлі қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақтар өткізілді. Шараға облыс және қаланың қолөнершілері қатысты.