Павлодарлық кәсіпкерлерге жыл басынан 105 жер телімі берілген
Жыл басынан бері Павлодар облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері 35 аукцион ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Kazinform.
Барлығы 240 миллион теңгеден астам қаржыға, жалпы аумағы 190 гектар болатын 105 жер телімі берілген.
Павлодар облысында жерлерді коммерциялық мақсатта пайдалануға беру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өңірлік жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов елді мекендердегі жерлерге кәсіпкерлерді орналастырудың өзіндік тәртібі бары екенін жеткізді.
- Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.sauda.e-qazyna.kz веб-порталында тіркелген, қалалар мен ауылдар ішіндегі жер телімдері әлі де аукцион арқылы беріледі. Аукцион ағылшын әдісімен, яғни бағаны көтерумен өтіп жатыр. Жеңімпазды анықтаудың басты өлшемі – қатысушылар ұсынған баға. Жыл басынан бері облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері 35 аукцион өткізді. Барлығы 240 миллион теңгеден астам қаржыға жалпы аумағы 190 гектар болатын 105 жер телімі берілді,-деп хабарлады Мұрат Хамитов.
Еске сала кетейік, Пайдалы қазбаларды өндіруші компания Баянауылдағы жерді өз бетінше иеленіп алған.