Павлодарлық кәсіпорындардың шетелдік жұмыс күшіне тәуелділігі анықталды

Павлодарлық кәсіпорындардың шетелдік жұмыс күшіне тәуелділігі анықталды
Фото: Константин Шелков

Біліктілігі жоғары шетелдіктер жергілікті жұмысшылардың білімін көтеруге міндетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің бас маманы Шолпан Жүкенованың айтуынша, 2024 жылдың аяғына дейін облыста шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 59 адамға орындалды. Шетелдік жұмыс күшін тарту үлесі павлодарлық кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің жалпы санының орта есеппен 7,5 пайызын құрайды.

- Мысалы, «KAZ Mineralz Bozshakol» ЖШС-де қазақстандық қызметкерлер саны 1 938 адам болса, шетелдіктер небары 15 адам. «Қазақстан алюминийі» АҚ-да жергілікті және келушілер арасындағы қатынас 7 038-ге бес, «Проммашкомплект» ЖШС-де – 945-ке екі, «NFC Kazakhstan» ЖШС-де – 46-ға үш адам. Бұл шетелдіктердің ең жоғары пайыздық көрсеткіші – 6,5 пайыз, - дейді Шолпан Жүкенова.

Ағымдағы жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Павлодар облысындағы 22 кәсіпорынға 76 адам мөлшерінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бекітті. Оның ішінде 31 квота басшыларға, 42-сі мамандарға, тағы үш квота шетелден келетін білікті жұмысшыларға бөлінген.

Тәлімгерлік жұмыс беруші шетелдік жұмысшыны алған кезде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қызметкерлердің саны тәлімгердің жүктемесіне байланысты анықталады. Тәлімгерлік қызметтің басты мақсаты – қазақстандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олармен шетелдік жұмысшыларды ауыстыру.